Лауазымдық міндеттері:
дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы дене тәрбиесінің бағдарламасы мен әдістемесіне сәйкес тәрбиеленушілерді оқыту бойынша жұмыс жүргізеді;
балалардың жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндеттері мен мазмұнын анықтайды;
білім алушыларды, тәрбиеленушілерді дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын меңгеруге оқытады, олардың адамгершілік-ерік қасиеттерін қалыптастырады;
дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді;
санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалап отырады;
медицина қызметкерлерімен бірге балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемелерін реттейді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауап береді;
салауатты өмір салтын насихаттайды;
тәрбиешілермен, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс істейді;
белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
жүзу нұсқаушысы бағдарламаға сәйкес бассейнде сабақ өткізеді;
судағы балалардың қауіпсіздігіне жауап береді;
медбикемен бірге бассейннің гигиеналық жағдайын бақылайды;
санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізеді;
белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беру, дене шынықтыру және спорт, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика, психология негіздерін;
жас ерекшелік физиологиясын, анатомия, мектеп гигиенасын;
дене тәрбиесін, әртүрлі жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін;
судағы тәртіп ережелерін;
тәрбие жұмысының әдістемесін;
дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын;
бағдарламалар мен оқулықтар, оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды;
педагогикалық этиканың нормаларын;
еңбек заңнамасының негіздерін, өртке қарсы қорғау ережелері, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары білім немесе тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл; педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл.
Лагерьдің сауықтыру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бағдарламаны ұсыну қажет.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 3- қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z197
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z236
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z238
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Жұмыс орны: «Акжелкен» жазғы балалар сауықтыру лагері.
Жұмыс мерзімі: маусымдық жұмыс (1 ауысым). 01.06.2026-10.06.2026
маусымдық жұмыс (2 ауысым). 12.06.2026-21.06.2026
Ставка мөлшері: 0,5 бірлік.
Жалақы (оклад) мөлшері: 50000-70000 теңге







