Лауазымдық міндеттері:
педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;
іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты жүргізеді;
ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;
белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;
білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы«, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және балаларға қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психологияны;
физиология және гигиена негіздерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Лагерьдің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бағдарламаны ұсыну қажет.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш, 3- қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z197;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z236
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z238
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Жұмыс орны: «Акжелкен» жазғы балалар сауықтыру лагері.
Жұмыс мерзімі: маусымдық жұмыс (1 ауысым). 01.06.2026-10.06.2026
маусымдық жұмыс (2 ауысым). 12.06.2026-21.06.2026
Ставка мөлшері: 0,5 бірлік.
Жалақы (оклад) мөлшері: 60000-70000 теңге







