Директор

Лауазымдық міндеттері:

Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;

оқу-тәрбие жұмысын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;

санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;

барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы«, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы«, «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;

педагогика мен психология;

педагогикалық этиканың нормалары;

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не «басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «басшының екінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «білім беру ұйымы» не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы», «басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары» біліктілік санатының болуы;

осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

 

Ставка мөлшері: 1 бірлік.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 3 — қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z197

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z236

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z238;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Жұмыс орны: «Акжелкен» жазғы балалар сауықтыру лагері.

Жұмыс мерзімі: маусымдық жұмыс (1 ауысым). 01.06.2026-10.06.2026

маусымдық жұмыс (2 ауысым). 12.06.2026-21.06.2026

Ставка мөлшері: 1 бірлік.

Жалақы (оклад) мөлшері:  177000-187000 теңге

Секция 1

Сабитова
Софья Александровна

Директор