Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы

Лауазымдық міндеттері:

дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы дене тәрбиесінің бағдарламасы мен әдістемесіне сәйкес тәрбиеленушілерді оқыту бойынша жұмыс жүргізеді;

балалардың жасын, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, міндеттері мен мазмұнын анықтайды;

білім алушыларды, тәрбиеленушілерді дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын меңгеруге оқытады, олардың адамгершілік-ерік қасиеттерін қалыптастырады;

дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шараларды өткізу кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді;

санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалап отырады;

медицина қызметкерлерімен бірге балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемелерін реттейді;

білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауап береді;

салауатты өмір салтын насихаттайды;

тәрбиешілермен, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс істейді;

белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;

жүзу нұсқаушысы бағдарламаға сәйкес бассейнде сабақ өткізеді;

судағы балалардың қауіпсіздігіне жауап береді;

медбикемен бірге бассейннің гигиеналық жағдайын бақылайды;

санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізеді;

белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді.

      Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беру, дене шынықтыру және спорт, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

педагогика, психология негіздерін;

жас ерекшелік физиологиясын, анатомия, мектеп гигиенасын;

дене тәрбиесін, әртүрлі жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін;

судағы тәртіп ережелерін;

тәрбие жұмысының әдістемесін;

дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын;

бағдарламалар мен оқулықтар, оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды;

педагогикалық этиканың нормаларын;

еңбек заңнамасының негіздерін, өртке қарсы қорғау ережелері, санитариялық ережелер мен нормаларды.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары білім немесе тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл; педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл.

 

Лагерьдің  спорттық- сауықтыру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бағдарламаны ұсыну қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш, 3- қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z197

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z236

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900#z238

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Жұмыс орны: «Акжелкен» жазғы балалар сауықтыру лагері.

Жұмыс мерзімі: маусымдық жұмыс (1 ауысым). 01.06.2026-10.06.2026

маусымдық жұмыс (2 ауысым). 12.06.2026-21.06.2026

Ставка мөлшері: 1 бірлік.

Жалақы (оклад) мөлшері: 110000-130000 теңге

 

Секция 1

Сабитова
Софья Александровна

Директор