Қазан айының 3-4 аралығында Павлодар қаласында «AUYL SPORTY -2025» ауыл балалары арасында волейболдан аймақтық турнирі өтті.
Жарысқа 2010 жылғы және одан кіші жастағы қыздар арасында Аудандық оқушылар үйінің «ЖАЛЫН» волейбол үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысты.
Жарысқа облысымыздың 12 командасы бақтарын сынады, біздің қыздар жарыс қорытындысы бойынша жақсы өнер көрсетіп , 6 орынға табан тіреді.
Алда болатын сайыстарда қыздарымызға сәттілік тілейміз!









